Мәзір
Жаңалықтар

Академиялық ескек есу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Академиялық ескек есу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

Хайфон қаласында (Вьетнам) өтіп жатқан академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионатында (академиялық ескек есу) Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

2000 метр қашықтықтағы жарыста әйелдер құрамасы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова және Ирина Чудина – күміс медаль иегері атанды. Бұл – команданың маусымдағы маңызды жетістіктерінің бірі.

Сондай-ақ 2000 метрге ерлер арасындағы жеңіл салмақта Артём Матусевич қола жүлде жеңіп алды.

Биылғы құрлықтық додаға 18 елден 232 ескек есуші қатысып жатыр. Финалдық сайыстар 19 қазан күні жалғасады.

Айта кетейік, өткен жылы Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс және 7 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 7-орынды иеленген еді.

Сонымен қатар осы жылдың сәуір айында Чунджу (Оңтүстік Корея) қаласында өткен лицензиялық турнирде отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль ұтып алған болатын.

 

 

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар