Мәзір
Жаңалықтар

Әйелдер күресінен Азияның екі дүркін чемпионы Эльмира Сыздықова студенттермен кездесті

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
Әйелдер күресінен Азияның екі дүркін чемпионы Эльмира Сыздықова студенттермен кездесті

2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті Спортшылар комиссиясының мүшесі Эльмира Сыздықова «Адами капитал – мемлекет дамуының негізі» атты панельдік талқылауға қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шара барысында тәжірибелі спортшы Астана және Алматы қалаларындағы студенттер алдында спикер ретінде сөз сөйледі.

Эльмира Сыздықованың айтуынша, әр адам өз ісінен қанағат табуы тиіс және тек бір мамандықпен шектелмей, жан-жақты дамуға ұмтылғаны жөн.

«Адамның өзін тұлға ретінде дамытуға салған инвестициясы – мықты қоғам мен қуатты мемлекеттің негізі. Спорттағы көпжылдық тәжірибем маған маңызды бір қағиданы ұқтырды: қандай қиындықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан, алға қойған мақсаттан бас тартпау керек. Егер нақты мақсат айқын болып, соған табандылықпен ұмтылсаң, нәтижеге қол жеткізуге болады», – деді ол.

Айта кетейік, панельдік талқылауға қоғам қайраткерлері де қатысып, жиын барысында жастардың ел дамуына қосатын үлесі, сондай-ақ оларды белсенді азаматтық ұстанымға, кәсіби және жеке дамуға ынталандыру мәселелері талқыланды.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар