Мәзір
Жаңалықтар

Айдос Сұлтанғалиға "Құрмет" ордені берілді

Сабина Асқарқызы 222 қаралым
Айдос Сұлтанғалиға "Құрмет" ордені берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
«Құрмет» орденімен грек-рим күресінне Айдос Сұлтанғали мен еркін күрестен ӘЧ-тың қола қола жүлдегері Нұрқожа Қайпанов, бапкер Камал Гаджимагомедов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.
Сондай-ақ,Президент Алғысы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланып отыр. 

Фото: UWW

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар