Айбар Қайым семсерлесуден әлем кубогында топ жарды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде топ жарды, деп жазады malimsports.kz.
Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.
Бұған дейін Алжирде семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі басталды. Ірі халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының атынан Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Назарбай Саттархан және Жанат Нәбиев сынға түсетіні айтылды.
Фото: ҰОК
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған