Айбар Қайым кадеттер арасындағы семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германиядағы кадеттер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған еді. Ол шешуші сында Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтаған-тын.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған