Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдо жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасынан соңғы болып татамиге шыққан Әділжан Жаудинов (+90 кг) финалда өзбекстандық Алибек Дурдиевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберген қазақстандық спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Жаудинов жасөспірімдер Азиадасын жүлдемен қорытындылап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.
Фото: ҰОК