457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әділбек Мусин жүзуден Азия чемпионы атанды

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленді

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.

Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының өкілдері жүзуден тағы екі медальға қол жеткізді. Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуде екінші болып мәре сызығын кессе, Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі