457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әділбек Мусин спортшылар комиссиясының құрамына кірді

Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды, деп хабарлайды malimsports.kz

Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.

Дауыс беруге әр ұлттық комитеттен ұсынылған спортшылар қатысты. Нәтижесінде комиссия құрамына 15 үміткердің ішінен сегізі таңдалды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындары 7-21 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі