457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Топтық кезеңдегі басты сенсациялар

Турнир фавориттері саналатын құрамалар аутсайдерлерге қарсы ұпай жоғалтып, жанкүйерлерді таңғалдырды.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде бірқатар күтпеген нәтижелер тіркелді, деп хабарлайды malimsports.kz

Турнир фавориттері саналатын құрамалар аутсайдерлерге қарсы ұпай жоғалтып, жанкүйерлерді таңғалдырды.

Ең үлкен сенсациялардың бірі – Еуропа чемпионы Испанияның әлем чемпионатына алғаш қатысып отырған Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсуі болды. Кездесудің басты кейіпкері Кабо-Верде қақпашысы, 40 жастағы Возинья атанды.

Сондай-ақ Бразилия Мароккомен (1:1), Нидерланд Жапониямен (2:2), Бельгия Египетпен (1:1), Португалия Конго Демократиялық Республикасымен (1:1) тең ойнады.

Австралия Түркияны 2:0 есебімен жеңіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізсе, Кюрасао Эквадормен ұпай бөлісіп (0:0), әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы ұпайын еншіледі. Бұл матчта Кюрасао қақпашысы Элой Ром 15 сейв жасап, әлем чемпионатының рекордын жаңартты.

Тағы бір тосын нәтиже Англия мен Гана арасындағы кездесуде тіркелді. Айқын фаворит саналған ағылшындар қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай, матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ал Оңтүстік Африка Республикасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Осылайша корейлер келесі кезеңге шығу мүмкіндігін қиындатып алды.

Топтық кезең аяқталар тұста әлем чемпионатындағы сенсациялар саны артып, турнирдің тартысын одан әрі күшейте түсті.

Фото: Getty Images