457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абылайхан Жүсіпов: «Астанадағы жайлы залды тастап, жертөледе жаттықтым»

Жүсіпов кәсіби жолындағы өзгерістер, жаттығу үдерісі және алдағы мақсаттары туралы ашық пікір білдірді.

Қытайда өткен Әлем кубогының жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов соңғы екі жылда Қазақстан боксының басты көшбасшыларының біріне айналды. Әлем және Азия чемпионы атанған тәжірибелі былғары қолғап шебері бұл жетістіктердің кездейсоқ емес екенін айтады, деп жазады malimsports.kz

Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында Жүсіпов кәсіби жолындағы өзгерістер, жаттығу үдерісі және алдағы мақсаттары туралы ашық пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі жетістігінің басты сыры – тәжірибе мен үздіксіз еңбек.

«2024 жылдан бері мансабымда алғаш рет әлем чемпионы және Азия чемпионы атандым. Енді Әлем кубогының кезеңінде де топ жарып жатырмын. Мұның барлығы тәжірибенің арқасында келді. Рио мен Токио Олимпиадалары, әлем және Азия чемпионаттары, кәсіпқой бокстағы тәжірибе - бүгінгі деңгейімнің қалыптасуына үлкен әсер етті», - деді Абылайхан Жүсіпов.

Боксшының айтуынша, спорттағы табыс тек рингтегі өнермен шектелмейді. Кейде жоғары нәтижеге жету үшін жайлы ортадан бас тартып, мінезді шыңдайтын қиындықтарды да еңсеруге тура келеді.

«2025 жылы Қазақстан чемпионаты мен әлем чемпионатының алдында Астанадағы жайлы жаттығу залын тастап, арнайы Шахтинскіге барып, үш ай бойы жертөледе жаттықтым. Мұндай дайындық мінезді шыңдап, бар назарды тек спортқа аударуға көмектесті. Соның нәтижесінде екі жарыста да алтын медаль жеңіп алдым», - деді ол.

Жүсіпов сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарының жиі ұйымдастырылуы ұлттық құраманың деңгейін көтеруге оң әсер етіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, шетелдік мықты боксшылармен бірлескен жаттығулар техникалық әрі физикалық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас спортшылардың да тәжірибе жинап, бәсекеге қабілеті артып келеді.

Тәжірибелі боксшы қазіргі таңда Сабыржан Аққалықовпен бірге тұрақты дайындалатынын айтып, өзара бәсекелестік пен қолдаудың нәтижесінде екеуінің де спорттық деңгейі өсіп келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, табысқа жетуде отбасының қолдауы ерекше рөл атқаратынын айтып, спортшы үшін сенімді тірек пен түсіністіктің маңызын ерекше атап өтті.

Фото: ҚБФ