457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында тоғызқұмалақты дамытуға арналған жаңа бастама көтерілді

Ол 2025 жылдан Абай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Тоғызқұмалақ федерациясының Абай облысындағы филиалына Жарқын Түсіпбекұлы сайланды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Абай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы желіде жазба жариялады.

Тоғызқұмалақ федерациясының Абай облысындағы жұмысына  бас-көз болу жөніндегі ұсынысты Әлихан Мұхамедияұлы білдірді. Бұл бастаманы Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында өңірде ұлттық ойынды кеңінен насихаттауға ниет танытқан облыс әкімі Берік Уәлиұлы қолдап, қолдау көрсетті. Атап айтқанда, «хакім сүйген ойынның бас жүлдесіне көлік тігілуі керек» деген шешім қабылданды.Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық негізде ұлттық ойынды дамытуға үлес қосу, жастардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын арттыру және жарыстардың сапасын көтеру. Ұйымдастырушылар бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілетінін атап өтті", - деп жазды ол. 

Жарқын Түсіпбеков еңбек жолын «Казинтермол» ЖШС-да сарапшы болып бастаған. Кейін «Қазақ радиосында» редактор-жүргізуші қызметін атқарды. «Алаш айнасы» газетінде саяси шолушыы, «Ұлт TIMES» басылымында бас редактордың орынбасары, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ-ның стратегиялық маркетинг департаментінде шеф-редакторы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы ретінде еңбек етті, Қоғамдық саясат институтында ақпараттық мониторинг қызметін басқарды.

2016 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі, әкім аппараты басшысының орынбасары болған. 2019-2020 жылдары «Elorda Aqparat» ЖШС директоры, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде инспектор қызметін атқаран. 2023 жылы Абай облысы әкімінің кеңесшісі, ҚР Президентінің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі қызметін атқарды. 2025 жылдан Абай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.