82 жастағы астаналық тұрғын 10 шақырымдық марафонды жүгіріп өтті
Астанада Республика күніне арналған жаппай жүгіру шарасына 82 жастағы қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Амангелді Досжанов 10 шақырымды 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті. Зейнеткер жүгірумен бар болғаны үш жыл бұрын айналыса бастаған. 2024 жылы ол Run for Autism қайырымдылық жарысына қатысқан.
Басқарма мәліметінше, ол апта сайын үш рет «Күйшілер» аллеясында және «Жерұйық» саябағында жаттығып, табандылық пен жігердің жасқа қарамайтынын дәлелдеп келеді.
Жаппай марафонға барлығы 1500 адам қатысты. Қашықтық елорда аудандары арқылы өтті. Жарыс соңында қатысушыларға естелік медальдар табысталды.
Фото: Informburo.kz
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған