457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«50 жастамын деп айтуға ұялмаймын»: аңызға айналған өзбекстандық гимнаст мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Бұхара қаласының тумасы спорттық гимнастикамен айналысады және тірек арқылы секіру жаттығуына маманданған.

Өзбекстанның аңызға айналған гимнастика шебері Оксана Чусовитина Odds.ru порталына берген сұхбатында алдағы спорттық жоспарларымен бөлісіп, кәсіби мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұхара қаласының тумасы спорттық гимнастикамен айналысады және тірек арқылы секіру жаттығуына маманданған. Ол бұл спорт түрінде сегіз Олимпиада ойындарына (1992–2020 жылдар аралығы) қатысқан жалғыз гимнаст ретінде тарихта қалды. Чусовитина Париж-2024 Олимпиадасына қатыспады, алайда Лос-Анджелес–2028 ойындары оның алдағы мақсаттарының бірі болып қала бермек.

«Қазір де жаттығып жүрмін, әлі Олимпиадаға дейін екі жарым жыл бар. Алдын ала болжам жасамаймын. Алғашқы мақсатым - 2026 жылы өтетін Азия ойындары. Ал одан кейін көре жатармыз. Егер ішкі ниетім болса, міндетті түрде тағы бір рет бағын сынап көремін. Кейін “неге байқап көрмедім?” деп өкінгім келмейді», - деді Чусовитина.

Оның айтуынша, спорттан кетудің нақты шегі жоқ. Гимнаст бұл шешімді өз жағдайына қарап қабылдайтынын жеткізді.

«Мен мұны уақыт өте келе өзім-ақ түсінемін деп ойлаймын. Бір күні таңертең оянып, залға барамын да, ішкі сезіміммен бұл істің маған енді қажет емес екенін аңғарамын. Сол күні-ақ мансабымды аяқтаймын. Бұл психологияға да, физиологияға да байланысты емес. Мен гимнастикадан бұрынғыдай ләззат алмайтынымды, қуаныш сезімінің жоғалғанын сеземін», - деп түсіндірді ол.

Спортшы гимнастикадан кейінгі өмірі де мазмұнды болатынына сенімді. Оның айтуынша, Ташкент қаласында салынған және өз есімі берілген академияда атқаратын жұмысы көп. Қазіргі таңда Оксана Чусовитина сол академияның директоры қызметін атқарады.

Оксана Чусовитина - Барселона-1992 Олимпиадасының командалық жарыстағы чемпионы. Сонымен қатар, Пекин-2008 Олимпиадасында тірек арқылы секіруден күміс жүлде жеңіп алған. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының үш алтыны және Азия ойындарының екі алтын медалі бар.

Фото: Ашық дереккөзден