42 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Гран-при кезеңінің жеңімпазы атанды
Канада спортшысы Деанна Стеллато-Дудек 42 жасында ISU Гран-при кезеңінде топ жарып, тарихқа енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол жұптық сырғанауда әріптесі Максим Дешаммен бірге Саскатун қаласында өткен жарыста жеңіске жетті.
Қысқа бағдарлама бойынша канадалық дуэт екінші орында тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада ең жоғары нәтижені көрсетіп, жалпы 213,40 ұпай жинап, көшбасшылыққа көтерілді.
Деанна Стеллато-Дудек туралы ерекше деректер:
Ол – мәнерлеп сырғанаудағы әлем чемпионаттарының тарихындағы ең жасы үлкен жеңімпаз (2024 жылы 40 жасында әлем чемпионы атанған).
Биылғы маусымда ол еркін бағдарламада қолына сүйене отырып артқа сальто элементін орындады. Бұл трюкті бұрын ешбір спорттық жұп ресми жарыстарда көрсетпеген.
Жарыстың үздік үштігі қатарында (жұптық сырғанау) Деанна Стеллато-Дудек / Максим Дешам (Канада) 213,40 ұпайпен көш бастаса, Минерва Фабиенне Хазе / Никита Володин (Германия) 207,18 ұпаймен күміспен күптелді. Ал Элли Кам / Дэнни О’Ши (АҚШ) 199,11 ұпайпен қола жүлдеге қол созды.
Жекелей әйелдер бағдарламасында:
Жапония спортшысы Монэ Тиба 217,23 ұпаймен алтын медаль иеленді.
Күміс — америкалық Изабо Левито (209,77).
Қола — жапондық Ами Накаи (203,09).
Фото: Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған