457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

36 секундта нокаут: қазақстандық файтердің АҚШ-тағы дебюті сәтсіз аяқталды

Ермахан Орынтаев АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Машантакет қаласында өткен LFA 222 турнирінде америкалық Адриан Гарсиямен октагонға көтерілді.

Қазақстандық ММА спортшысы Ермахан Орынтаев америкалық Legacy Fighting Alliance (LFA) промоушеніндегі алғаш жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ермахан Орынтаев АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Машантакет қаласында өткен LFA 222 турнирінде америкалық Адриан Гарсиямен октагонға көтерілді. Алайда дебюттік жекпе-жек өте жылдам аяқталды — қарсылас жекпе-жектің 36-секундында Орынтаевты тік тұрыстағы оң жақ хукомымен сұлатып түсірді. Одан кейін партерге түсіп, соққылар сериясын жалғастырды. Рефери жекпе-жекті дереу тоқтатты. Нәтиже — Адриан Гарсияның нокаутпен жеңісі. Шешуші сәттің видеосын төменнен көруге болады.

Бұл жеңіліс Ермахан Орынтаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы сәтсіздігі болды. Бұған дейін ол бес жеңіс тіркеген еді. Ал Адриан Гарсия кәсіби алаңдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Оның карьерасында үш жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

Фото: sports.kz