457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылы әлем назарындағы басты спорттық оқиғалар туралы не білеміз

Қысқы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді

2026 жыл әлемдік спорт жанкүйерлері үшін аса маңызды әрі мазмұнды жыл болмақ. Бұл жылы Олимпиада ойындары, футболдан әлем чемпионаты, Азиада және Еуропаның басты клубтық финалы өтеді, деп жазады malimsports.kz

Қысқы Олимпиада ойындары
Қысқы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Жарыстар Милан (хоккей, мәнерлеп сырғанау), Кортина (бобслей, шана спорты), Бормио (тау шаңғысы), Ливиньо (сноуборд, фристайл) сияқты бірнеше кластерде ұйымдастырылады. Ашылу салтанаты Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өтеді. Олимпиадаға шамамен 3000 спортшы қатысып, 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасында қазірдің өзінде мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіруден 23 лицензия бар.

Футболдан әлем чемпионаты
Мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Ойындар Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады. Бұл әлем чемпионаты формат пен ауқым жағынан тарихтағы ең ірілердің бірі болмақ.

Чемпиондар лигасының финалы
Еуропаның басты клубтық турнирінің финалы 30 мамырда Венгрия астанасы Будапештегі «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді. Жеңімпаз команда кейін Еуропа лигасының чемпионымен Суперкубок үшін ойнайды. Қазіргі чемпион — француздық «ПСЖ».

Жазғы Азия ойындары
Азиада Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Бағдарламаға 41 спорт түрі мен 68 дисциплина еніп, 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарысқа Азияның 43 елінен, сондай-ақ Аустралия мен Жаңа Зеландиядан спортшылар қатысады.

Фото: Ашық дереккөзден