457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылға арналған мәдени-туристік күнтізбеге спорттық жобалар енді

Аталған құжатқа еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылып отыр. 

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне спорттық жобаларды енгізді, деп хабарлайды malimsports.kz
Мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындап, аталған құжатқа еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылып отыр. 
Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді дамытуға бағытталған. Іс-шараға мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттағы түрлі оқиғалар енгізілген. Бұл туристерге жеке қызығушылықтары мен маусымдық ерекшеліктерін ескере отырып, сапар бағыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жоспарланған бастамалардың басым бөлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай іс-шаралар өңірлерге деген қызығушылықты қалыптастырып, оқиғалар күн тәртібінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады. Бұл оқиғалы туризмді бюджетке қосымша салмақ түсірмей дамыту қағидатына сай келеді.
Фото: Ашық дереккөзден