457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2025 жылы елімізде қанша спорт кешені ашылды

Жыл соңына дейін қосымша тағы 50 спорт нысанын іске қосу жоспарланып отыр.

2025 жылы республика бойынша барлығы 79 спорт нысаны пайдалануға берілген, деп жазады malimsports.kz

Бұл нысандардың қатарында спорт кешендері, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары, жабық манеждер мен көпфункционалды алаңдар бар. Жыл соңына дейін қосымша тағы 50 спорт нысанын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл аймақтардағы спорт инфрақұрылымын тең дамытуға оң әсерін тигізбек.

Қазіргі таңда Қазақстанда 912 балалар мен жасөспірімдер клубы және 521 мамандандырылған спорт мектебі тұрақты жұмыс істеп тұр. Аталған ұйымдарда спорттың түрлі бағыттары бойынша жаттығулар жүргізіліп, жасөспірімдердің қабілетін ерте анықтауға және кәсіби спортқа баулуға мүмкіндік жасалған.

Бүгінде бұл спорт ұйымдарында 700 мыңнан астам бала мен жасөспірім жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау спорттық резервті қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға берік негіз қалайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі