457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

20 жастағы оңтүстікафрикалық регбиші жаттығу кезінде есінен танып, көз жұмды

10 шілде күні таңертең спортшы жаттығу барысында өзін жайсыз сезініп, кенеттен есінен танып қалған.

Францияның «Безье» клубында өнер көрсеткен оңтүстікафрикалық регбиші Лукобо (Бибо) Макведини 20 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды malimsports.kz

L'Equipe басылымының мәліметінше, 10 шілде күні таңертең спортшы жаттығу барысында өзін жайсыз сезініп, кенеттен есінен танып қалған. Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғадан кейін «Безье» клубы ресми мәлімдеме жасап, жас ойыншының қазасына байланысты көңіл айтты.

«Біз жас ойыншымыз Лукобо (Бибо) Маквединидің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен және ауыр қайғымен хабарлаймыз», - деп жазылған клубтың мәлімдемесінде.

Лукобо Макведини Оңтүстік Африка Республикасының тумасы еді және соңғы уақытта Францияның «Безье» клубының намысын қорғап жүрген болатын.

Фото:  Getty Images