457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

16 жастағы қазақ қызы қол күрестен әлем чемпионы атанды

Финалда ол қол күрес тарихындағы аңызға айналған, 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебрановамен кездесті.

Шардара Армспорт құрамасының жас спортшысы Ұлболсын Елмұрат Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалда ол қол күрес тарихындағы аңызға айналған, 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебрановамен кездесті. Тәжірибелі қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жеткен қазақ қызы чемпиондық атаққа ие болды.

Ұлболсынның жасы бар болғаны 16-да. Соған қарамастан, ол әлемдік аренада тәжірибелі қарсыластарын артта қалдырып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

Фото: скрин