11 дүркін Олимпиада чемпионы Клебоға ми шайқалуы диагнозы қойылды
Норвегиялық шаңғышы, 11 дүркін Олимпиада чемпионы Йоханнес Клебо Норвегияның Драммен қаласында өткен FIS шаңғы жарысынан әлем кубогы кезеңінде құлап, ми шайқалу жарақатын алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
VG басылымының мәліметінше, классикалық стильдегі спринттің жартылай финалында Клебо америкалық шаңғышы Бен Огденнің артынан құлап, желке тұсымен қатты соғылған. Спортшы бірден орнынан тұра алмай, ұйымдастырушылардың көмегімен жарыс жолынан шығарылды. Кейін ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
Норвегия құрамасының дәрігері Уве Ферагеннің айтуынша, спортшыға жеңіл бас жарақаты мен ми шайқалуы диагнозы қойылған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ол сенбі күні Хольменколлендегі 50 шақырымдық жарысқа қатыса алмайды. Ал АҚШ-та өтетін маусымның соңғы кезеңіне қатыса ма, жоқ па — әзірге нақты айту ерте», - деді дәрігер.
Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, Клебоның жағдайы жақсы, ол күн ішінде үйіне - Тронхейм қаласына оралады.
Айта кетейік, осы жарыстан кейін Клебо 4 қаңтардан бері алғаш рет жеңіске жете алмады. Бұған дейін оның халықаралық жарыстардағы жеңіс сериясы 12 жарысты құраған.
Сондай-ақ Италияда өткен соңғы қысқы Олимпиада ойындарында норвегиялық спортшы алты алтын медаль жеңіп алып, қысқы Олимпиада тарихындағы рекордтардың бірін орнатқан.
Фото: Global Look Press
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған