Мәзір
Жаңалықтар

11 дүркін Олимпиада чемпионы Клебо әлем кубогында топ жарды 

Сабина Асқарқызы 136 қаралым
11 дүркін Олимпиада чемпионы Клебо әлем кубогында топ жарды 

Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан Әлем кубогының тоғызыншы кезеңінде ерлер арасындағы еркін стильдегі жеке спринтте норвегиялық спортшы Йоханнес Клебо жеңімпаз атанды, деп жазады malimsports.kz. 

Финалдық жарыста 11 дүркін Олимпиада чемпионы 2 минут 49,84 секунд нәтижесін көрсетті.

Екінші орынды оның отандасы Ларс Хегген иеленді (0,42 секундқа қалып қойды), ал үшінші орын француз спортшысы Жюль Шаппазға бұйырды (+1,77).

Әйелдер арасындағы спринт жарысында швециялық Йонна Сундлинг жеңіске жетті. Ол мәрені 3 минут 07,00 секундта аяқтады. Екінші орынға тағы бір швециялық спортшы Линн Сван (+0,17) ие болса, үшінші орынды германиялық Колетта Ридцек (+0,84) алды.

8 наурыз күні Лахтиде ерлер мен әйелдер арасында 10 шақырымдық жарыстар өтеді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар