Татамиден федерация басшылығына дейін: Айбек Имашев жаңа міндет туралы айтты
Айбек Имашев Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалып, жанкүйерлерге үндеу жасады, деп жазады malimsports.kz.
Қазақстан дзюдо федерациясының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Айбек Имашев әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлер мен спорт қауымдастығына үндеу жариялап, өзіне жүктелген жауапкершіліктің зор екенін айтты.
Ол бұл қызметтің өзі үшін үлкен сенім әрі жауапкершілік екенін атап өтіп, Қазақстан дзюдо федерациясының басшылығына және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне ризашылығын білдірді.
«Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы болу – мен үшін үлкен жауапкершілік. Осындай маңызды қызметті маған сеніп тапсырған Федерация басшылығына және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіремін. Қарапайым дзюдошы ретінде татамиге аяқ басқан мен үшін дзюдо әлеміндегі кезекті есік ашылды. Ендігі мақсат – ұлттық дзюдоны дамыту, спортшыларымыздың мәртебесін көтеру жолында бірлесе еңбек ету», - деді Айбек Имашев.
Айта кетейік, Айбек Имашев бұған дейін Қазақстан дзюдо федерациясында атқарушы директор қызметін атқарған. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті лауазымдарында еңбек етіп, өңірде дзюдо спортын дамытуға елеулі үлес қосты.
Жаңа қызметте Айбек Имашев еліміздегі дзюдо саласының дамуына, халықаралық аренадағы жетістіктерді арттыруға және спортшылардың әлеуетін көтеруге бағытталған жұмыстарды үйлестіреді.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған