457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық тағы бір дзюдошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны үшке жетті. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) әлем чемпионы атанған болатын.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапында Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жүлде қорын толықтырды.

 

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған