457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық дзюдошылар Швейцариядағы Grand Slam турнирінде бақ сынайды

28-30 тамыз аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған жарыс 2026 жылғы Азия ойындары алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі әрі 2028 жылғы Олимпиадаға рейтингтік ұпай беретін турнир саналады.

Лозаннадағы додаға 78 елден 541 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы турнирде 15 дзюдошымен өнер көрсетеді.

Ерлер құрамасы:

60 келіге дейін – Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов;

66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;

73 келіге дейін – Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов;

81 келіге дейін – Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар;

90 келіге дейін – Айдар Арапов;

100 келіге дейін – Марат Байқамуров;

+100 келі – Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер құрамасы:

57 келіге дейін – Дана Әбдірова;

70 келіге дейін – Ажар Асхат;

78 келіге дейін – Аружан Жангелдина;

+78 келі – Аида Тойшыбекова.

Құрама сапында Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысуы жоспарланған бірқатар спортшы бар. Олардың қатарында Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Айдар Арапов, Марат Байқамуров, Ерасыл Қажыбаев, Дана Әбдірова, Ажар Асхат және Аида Тойшыбекова бар.

Ал Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Әбиба Әбужақынова бұл турнирге қатыспайды. Олар Азия ойындарына дайындыққа басымдық беріп отыр.

Лозаннадағы Grand Slam турнирінде әлемдік дзюдоның жетекші өкілдері күш сынасады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары, халықаралық рейтингтің көшбасшылары бар. Сондықтан қазақстандық спортшылар үшін бұл жарыс Азия ойындары қарсаңындағы дайындық деңгейін бағалауға және маңызды рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.

 

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған