Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошылар Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов финалда Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, турнирдің алтын медалін жеңіп алды.
Осы салмақта Нұраділ Әлжан да жүлдегерлер қатарына қосылды. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсіп, үшінші орын иеленді.
Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алғанымен, шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол беріп, жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, Прагадағы Еуропа кубогы 28 маусымда мәресіне жетеді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған