457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Роберт Мшвидобадзе Азия ойындарына баратын дзюдошылардың қалай іріктелгенін айтты

Бүгін 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарына дзюдодан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Осыған орай дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе спортшылардың қалай іріктелгенін түсіндірді.

Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы бекітілді. Команда сапына өз салмақ дәрежелерінің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, Grand Slam сериясы турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстан чемпионаты мен ішкі іріктеу жарыстарының жеңімпаздары енді. Құрама алдында жоғары міндеттер тұр. Біз ерлер мен әйелдер арасындағы барлық негізгі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ Mixed Team командалық жарысында жүлделі орындар үшін күресуді мақсат етіп отырмыз. Азия ойындары біз үшін ерекше маңызға ие. Бұл – Қазақстанның Азиядағы жетекші дзюдо державаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеуге және олимпиадалық іріктеу кезеңінің маңызды белестерінің бірінен табысты өтуге мүмкіндік беретін жарыс, – деді дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.

Фото: Ашық дереккөзден