457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресми: Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы бекітілді.

ХХ Жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Алмат Әділет (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Марат Байкамуров (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).

Әйелдер:

Абиба Абужақынова (48 кг), Меруерт Сәрсенова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Екатерина Токарева (78 кг), Аида Тойшыбекова (+78 кг).

 

Фото: Ашық дереккөзден