457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресейлік арна Елдос Сметовтің спорттық жолындағы ерекшелікті атады

Елдос Сметов ешқашан жапондық топ дзюдошыларды жеңбеген

«Дзюдо Арт» ресейлік телеграм-арнасы Олимпиада чемпионы – дзюдошы Елдос Сметовтің кәсіби мансабындағы ерекше заңдылықты байқады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызықты заңдылық: Елдос Сметов ешқашан жапондық топ дзюдошыларды жеңбеген. Ол Рюдзю Нагаямадан бірде-бір рет басым түсе алмады, Накамура сияқты жас жапон спортшыларына да есе жіберді. Жапондар ол үшін ең ыңғайсыз қарсылас сияқты көрінетін. Дегенмен, дәл осы Сметов Олимпиада чемпионы атанды. Ал Нагаямша, Сметовті зор басымдықпен жеңгеніне қарамастан, Олимпиаданың қола жүлдесін ғана місе тұтты. Спорттың болжап болмайтын рулеткасы деген – осы», – деп жазады портал.

Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасында тарихи «алтынды» жеңіп алып, Қазақстаннан шыққан тұңғыш дзюдодан Олимпиада чемпионы ретінде тарихқа енді. Ол Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасының «күмісін» және Токио-2020 «қоласын» Париж «алтынымен» толықтырып, Олимпиада жүлделерінің толық жиынтығын жинады. Олимпиадалық жетістіктерден бөлек, Сметов - 2015 жылғы Әлем чемпионы (Астана), Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2019, 2022), 2014 жылғы Азия оюндарының чемпионы (Инчхон) және 2016 жылғы Азия чемпионы (Ташкент).

Фото: әлеуметтік желі