457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық пара дзюдошылар әлемдік Гран-приде 6 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлемдік Гран-приде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыз жарысты 3 алтын және 3 күміс медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынды 6 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншілеген Бразилия құрамасы иеленсе, үздік үштікті 2 алтын және 1 күміс жүлдесі бар Украина түйіндеді.

Қазақстан құрамасы сапында J2 санатында сынға түскен Ибрахим Нұрмаханұлы (70 кг), Бексұлтан Қалмұрза (81 кг) және Жұрқамырза Шүкірбеков (+95 кг) чемпион атанды.

Ал Альфия Тлекқабыл (J1, 52 кг), Аяла Мереке (J2, 70 кг) және Ерлан Өтепов (J2, +95 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қияновтың айтуынша, бұл турнир Лос-Анджелес-2028 Паралимпиадасына жолдама беретін рейтингтік ұпайлар үшін маңызды жарыстардың бірі болды.

Айта кетейік, пара дзюдодан әлемдік Гран-при 10-11 шілде аралығында өтті. Байрақты бәсекеде 21 елден 100-ден астам спортшы бақ сынады.

 

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы