Қазақстандық дзюдошылардың Grand Slam турниріндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды
Дзюдодан Моңғолияда өтетін Grand Slam сериясындағы халықаралық турнир қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлан-батыр бәсекесінде ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен кездессе, Мағжан Шамшадин италиялық Бьяджо Анджеломен белдеседі.
66 келіде Нұрқанат Серікбаев Оңтүстік Корея өкілі Чон Сынбоммен күш сынасады. Ал Ақжігіт Насырдың алғашқы қарсыласы болгариялық Боян Йотов болмақ.
73 келі салмақта Есет Қуанов бельгиялық Абдул Малик Умаевқа қарсы татамиге шығады. Ансарбек Ғайнуллин болса румыниялық Иоан Дзитач пен франциялық Дайян Булемтафес арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.
81 келіде Жалғас Қайролла польшалық Фабрициуш Тарковскимен бақ сынайды. Ал Асқар Нарқұлов малайзиялық Амир Даниэль Масбин Абдул Маджид пен қырғызстандық Шыңғысхан Сағынәлиев арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдеседі.
90 келіде Нұржан Бисенов словкиялық Алекс Бартомен кездессе, Айбол Нысанәли италиялық Кристиан Парлати мен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Арам Григорян арасындағы белдесудің жеңімпазымен күш сынасады.
100 келі салмақта Марат Байқамұров моңғолиялық Лхагва-Очир Отгонсурэнге қарсы күреседі.
Әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева израильдік Тамар Малкамен, ал Диана Бүркеева түрікменстандық Эджегыз Гельдыевамен кездеседі.
52 келіде Аружан Ережепова моңғолиялық Гал-Од Цэрэнтогтохпен белдеседі.
57 келіде Дана Әбдірова Түрікменстан спортшысы Майса Пардаевамен, ал Дина Мұханбет ресейлік Ирина Зуевамен татамиге шығады.
63 келіде Самалай Ерғалиева германиялық Сара-Джой Бауэрмен кездессе, Дамеля Асылханова тағы бір германиялық спортшы Фридерике Штольцеге қарсы күреседі.
78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш ресейлік Элис Старцевамен, ал Ақерке Рамазанова әзербайжандық Мадина Каисиновамен белдеседі.
Айта кетейік, Grand Slam турнирі 19 маусымда басталады. Сонымен қатар бұл жарыс 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің ресми бастауын білдіреді.
Фото: ҰОК
Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2028 іріктеу кезеңінің жеребесінде бірінші себетке түсті
Ең көп оқылған