Қазақстандық дзюдо төрешілері халықаралық жарыстарда қызмет атқарды
Шілде айында қазақстандық дзюдо төрешілері бірқатар беделді халықаралық жарыстарда қызмет атқарып, отандық төрешілер мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Иорданияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Азия дзюдо одағының (JUA) төрешілер директоры ретінде жарыстың төрешілер құрамының жұмысына жетекшілік етті.
Сонымен қатар, халықаралық турнирлерде қазақстандық төрешілер төмендегі жарыстарда төрелік қызмет атқарды:
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы (Макао және Гонконг) – Роза Мухамедиярова (IJF Continental) және Кенжезару Қашқынова (IJF International);
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты (Амман, Иордания) – Самат Сапишев (IJF International);
Ерлер мен әйелдер арасындағы Ашық Азия кубогы (Тайбэй) – Павел Ермошенко (IJF Continental);
Жастар арасындағы Еуропа кубогы (Прага, Чехия) – Тимур Ажимов (IJF International).
Қазақстандық төрешілердің халықаралық деңгейдегі табысты жұмысы еліміздің дзюдо төрешілерінің кәсіби біліктілігі мен беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл жетістік олардың әлемдік дзюдо қауымдастығындағы жоғары мәртебесін тағы бір мәрте айқындай түсті.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған