Қазақстанда дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтеді
Қазақстан алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынына қабылдаушы ел атанады, деп хабарлайды malimsports.kz.
5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы бас қосады.
Қатысушылар қатарында әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған