457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан дзюдошылары жастар арасындағы Азия кубогінде тоғыз медаль жеңіп алды

Азия кубогына 15 елден 180 жас дзюдошы қатысып, әр салмақта жүлделерді сарапқа салды.

Қытайдың Макао арнайы әкімшілік ауданында дзюдодан жастар арасында Азия кубогы өтті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте 9 медаль жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz

Азия кубогына 15 елден 180 жас дзюдошы қатысып, әр салмақта жүлделерді сарапқа салды. Қазақстан құрамасының қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль түсті.

Алтын жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта Мұрат Ерхан, 66 келіге дейінгі салмақта Исатаев Нұрлан және 90 келіге дейінгі салмақта Өтеген Архат иеленді.

Күміс жүлдегерлер қатарында 60 келіге дейінгі салмақта Алмабек Абылай, 90 келіге дейінгі салмақта Слямжанов Әлішер және +78 келі салмақта Думанқызы Айымзада бар.

Ал қола медальдарды 60 келіге дейінгі салмақта Абай Жанаділ, 90 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбек Әли және 70 келіге дейінгі салмақта Иботолла Аниса жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстанның жас дзюдошылары Макаода өткен Азия кубогін 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен аяқтап, халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетті.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы