457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан дзюдошылары Азия кубогында сегіз медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Тайбэйде өткен дзюдодан Азия кубогында табысты өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Азияның 23 елінен 200-ден астам дзюдошы қатысқан жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Мәди Жеткерген (73 кг) мен Санжар Жаббаров (+100 кг) чемпион атанды.

Мейірбек Байзақов (66 кг) пен Айшабибі Мұрадимова (52 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Асылхан Зинуллин (60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг) және Аяна Дүйсенбай (48 кг) қола медаль еншіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия кубогын сегіз жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық медаль кестесінде үздік үштікті түйіндеді.

 

Фото: Дзюдо федерациясы