Мәзір
Дзюдо

Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастады

Сабина Асқарқызы 67 қаралым
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатын 8 жүлдемен бастады

Амманда дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Құрлық додасының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Алтын жүлдеге Ролан Қайырғали (-66 кг), Айнара Сейітжанова (-48 кг) және Нұрбала Зайнул (-52 кг) ие болды.

Күміс медальді Ерасыл Ержанов (-66 кг), Мұхамедали Закиров (-73 кг) және Дамеля Асылханова (-63 кг) жеңіп алды.

Ал Айзат Наукенова (-48 кг) мен Айдана Абиханова (-63 кг) қола жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатының алғашқы күнін 8 медальмен қорытындылады.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар