Мәзір
Дзюдо

Қазақстан дзюдошылары Asian Open 2026 турнирінде сегіз медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Қазақстан дзюдошылары Asian Open 2026 турнирінде сегіз медаль жеңіп алды

Қытайлық Тайбэйде өткен Asian Open 2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

23 елден 236 спортшы қатысқан додада қазақстандық дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Мәди Жеткерген (73 кг) пен Санжар Жаббаров (+100 кг) жарыс жеңімпазы атанса, Мейірбек Байзақов (66 к) пен Айшабибі Мұрадимова (52 кг) күміс жүлдемен күптелді. Ал Асылхан Зинуллин (60 кг). Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг) және Аяна Дүйсенбай (48 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды.

Командалық есепте бірінші орынды 7 алтын, 5 күміс және 10 қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Екінші орынға 4 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдесі бар Жапония құрамасы тұрақтады.

 

Фото: IJF

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар