Қазақстан дзюдо құрамасы Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы медаль ала алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел құрамасының ішіндегі ең үздік нәтиже 7-8 орын болды. Бұл көрсеткішке Диана Буркеева (48 кг дейін), Жалғас Қайролла (81 кг дейін) және Марат Байқамұров (100 кг дейін) қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте Жапония құрамасы көш бастады. Жапон дзюдошылары 14 салмақ дәрежесінің 8-інде чемпион атанды.
Екінші орынды Оңтүстік Корея иеленіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Ал Әзербайжан, Италия, Моңғолия және Біріккен Араб Әмірліктері бір-бірден алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ұлан-Батордағы Grand Slam турнирі 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңін бастады. Олимпиадаға жолдама беретін жарыстар 2028 жылдың 12 маусымына дейін жалғасады.
Фото: IJF
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған