457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Моңғолиядағы Grand Slam: Қазақстан алғашқы жарыс күнін жүлдесіз аяқтады

Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Бұл жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі алғашқы рейтингтік турнирлердің бірі саналады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізе алмады. Ең үздік нәтижені 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Диана Бүркеева көрсетті. Ол жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, кейін испаниялық Абелинда Мартинеске жол берді.

Ғалия Тынбаева екінші айналымда франциялық Ширин Буклиден жеңілсе, ерлер арасында Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан да жарысты ерте аяқтады.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Ақжігіт Насыр 1/8 финалдан аса алмады. Әйелдер арасында Аружан Ережепова, Дана Әбдірова және Дина Мұханбет те жарысты алғашқы кезеңдерде аяқтады.

 

Фото: ҰОК