Мәзір
Дзюдо

Мажарстандағы беделді турнирге қазақстандық 15 дзюдошы қатысады

MalimSports 37 қаралым
Мажарстандағы беделді турнирге қазақстандық 15 дзюдошы қатысады

11-13 қыркүйек аралығында Будапештте дзюдодан Grand Slam кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасы рейтингтік жарысқа 15 спортшымен қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер құрамасы: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Әлжан (екеуі де 60 кг), Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр (екеуі де 66 кг), Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан (екеуі де 73 кг), Досхан Жолжақсынов (81 кг), Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов (екеуі де 90 кг), Асқар Біржанов (100 кг), Жантілек Нұртөлеұлы және Ғалымжан Қырықбай (екеуі де +100 кг).

Әйелдер құрамасы: Диана Бүркеева (48 кг), Ақерке Рамазанова және Камила Берліқаш (екеуі де +78 кг).

 

Фото: ijf.org

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар