Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінің күміс жүлдегері атанды
Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Финалға дейін Ғұсман төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Моңғолия, Черногория және Әзербайжан спортшыларын жеңіп, жартылай финалда бразилиялық Роналд Лимадан басым түсті.
Сондай-ақ, бүгін татамиге шыққан Талғат Орынбасар (60 кг) екі белдесу өткізіп, 1/8 финалда Словения өкіліне жол берсе, Абиба Әбужақынова (48 кг) бірінші айланымда сүрінді.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған