457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Grand Prix-2026: Қазақстан құрамасы үшінші күнді де жүлдесіз аяқтады

Қытайдың Циндао қаласында өткен Grand Prix-2026 дзюдо турнирінің үшінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

26-28 маусым аралығында өткен халықаралық додада қазақстандық дзюдошылар соңғы жарыс күнінде де медаль үшін таласта сәтсіз өнер көрсетті.

Үшінші күннің нәтижелері:

Ерлер

90 келі:

Даниил Крылов – алғашқы белдесуінде жеңілді;
Айдар Арапов – үшінші белдесуінде жарыс жолынан шықты.

100 келі:

Бақжан Байтас – алғашқы белдесуінде жеңілді;
Асқар Біржанов – алғашқы белдесуінде жеңілді.

Әйелдер

78 келі:

Аида Тойшыбекова – алғашқы белдесуінде жеңілді;
Аруна Жангелдина – алғашқы белдесуінде жеңілді.

+78 келі:

Назгүл Маратова – екінші белдесуінде жеңілді;
Екатерина Токарева – екінші белдесуінде жарысты аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Prix-2026 турнирінің үшінші жарыс күнін де жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бұл турнирдегі жалғыз жүлдесін алғашқы жарыс күнінде Ғұсман Қырғызбаев жеңіп алған болатын. Ол 66 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншіледі.
 

Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы