457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ғабит Расулхан дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль иеленді.

Дзюдошы Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Гуаякильде (Эквадор) кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль иеленді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Расулхан әлем чемпионы атанды. Ол финалда канадалық Роман Семирозумды жеңді.
50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен және 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет күміс жүлдеге ие болды.
Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) мен Ахмет Баубек (60 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Фото: IJF 

Ең көп оқылған