457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Этникалық қазақ Швейцариядағы Grand Slam турнирінде Өзбекстан атынан сынға түседі

28-30 тамыз күндері Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Өзбекстан құрамасы аталған жарысқа негізгі құрамдағы бірқатар мықты балуанын апарады. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегері Мұзаффарбек Тұрабойев пен әлем чемпионы Давлат Бобонов бар.

60 келіге дейінгі салмақта Самриддин Кучкаров пен Бахром Ботуров, 66 келіде Абдурахим Нутфуллоев пен Азизбек Ортиков, 81 келіде Арслонбек Тоджиев сынға түседі. Ал 90 келіде Давлат Бобонов пен Нұрбек Мұртазаев татамиге шығады.

100 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан намысын этникалық қазақ Ерназар Сәрсенбаев пен Тулкинбек Турдиев қорғайды. Аса ауыр салмақта Музаффарбек Туробойев өнер көрсетеді.

Осылайша Ерназар Сәрсенбаев Лозаннадағы Grand Slam турнирінде Өзбекстан құрамасы сапында жүлде үшін күреседі.

 

Фото: Өзбекстан ҰОК