457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елдос Сметов: «Олимпиаданың төрт дүркін жүлдегері болғым келеді»

Спортшы ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралып, Қытайдағы жарыста бақ сынаған.

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов спорттық мансабындағы жаңа мақсаттарын айтты, деп жазады malimsports.kz. 

Бұл туралы тәжірибелі балуан informsports.kz порталына берген сұхбатып айтып, алдағы уақытта Олимпиада ойындарында төрт рет жүлде алған қазақ спортшысы атануды көздеп отырғанын жеткізді. 

Сметовтің айтуынша, Париж Олимпиадасындағы алтын медаль оның спорттағы жолының аяқталуы емес, керісінше жаңа кезеңнің бастауы.

«Олимпиада ойындарында төрт рет жүлде алған дзюдошы – қазақ деп айтуы керек. Мен үшін ең маңыздысы – қазақтың атын бүкіл әлемге таныту», - деді Елдос Сметов.

Спортшы ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралып, Қытайдағы жарыста бақ сынаған. Жүлдеге ілікпесе де, Сметов бұл бәсекенің өзіне үлкен тәжірибе бергенін және әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетуге қабілетті екенін көрсеткенін атап өтті.

Елдос Сметовтің алдағы басты додаларының бірі – Жапонияда өтетін Азия ойындары. 60 келі салмақта бәсекелестік жоғары болатынын айтқан дзюдошы қазіргі таңда нақты бір қарсыласқа басымдық бермейтінін жеткізді.

Оның пікірінше, дзюдода кез келген спортшы күтпеген нәтиже көрсетуі мүмкін. Сондықтан ол өз қателіктерін түзеп, алдағы жарыстарға барынша дайындалуға ниетті.

Парижде тарихи алтын алған қазақ дзюдосының көшбасшысы осылайша спорттағы жолын жалғастырып, халықаралық аренада Қазақстанның атын одан әрі танытуды көздеп отыр.

Фото: Жазира Нұртаева

Ең көп оқылған