Елдос Сметов Циндао Гран-Приінің ширек финалына шықты
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Циндаода басталған Гран-при турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық татами шебері жарысты екінші айналымнан бастап, алғашқы белдесуінде қытайлық Сун Цзяхаоны жеңсе, екінші 1/8 финалда әзірбайжандық Балабай Ачаевты қапы қалдырды.
Енді ол ширек финалда франциялық Энзо Жанмен шеберлік байқасады.
Сонымен бірге, 60 келіде татамиге шыққан Талғат Орынбасар Аустралия өкілін жеңгенімен, 1/8 финалда Словения өкілі Давид Старкелге жол берді. Сонымен бірге, 48 келіде күрескен Абиба Әбужақынова алғашқы айналымда әзірбайжандық Шафаг Хамидоваға қарсы қауқар таныта алмай, жарысты жүлдесіз аяқтады.
66 келіде Ғұсман Қырғызбаев турнирді сәті бастады. Ол Моңғолия балуанын жеңіп, енді ширек финал жолдамасын монтонегролық Жусуф Нурковичпен сарапқа салады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған