Елдос Сметов Циндао Гран-приінде жүлдесіз қалды
Дзюдодан Қытайда басталған Циндао Гран-приінде Қазақстан ұлттық құрамасының балуаны Елдос Сметов қола жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
60 келіде күрескен Елдос Сметов қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Ол Гран-при жүлдесін ресейлік Аюб Блиевпен сарапқа салып, есе жіберді.
Париж Олимпиадасының чемпионы іріктеу кезеңдерінде Қытай, Әзірбайжан балуандарын жеңген болатын. Алайда ширек финалда франциялық Жан Леонға жол беріп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бұл белдесуде ол өзбекстандық балуанды қапы қалдырып, жүлдеге бір табан жақындады.
Айта кететін жайт, аталған турнир Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы бәсекесі болып отыр. Отандық татами шебері Франция астанасында 60 келіде сынға түсіп, төртжылдықтың басты ойындарының үздігі атанған еді.
Сондай-ақ, Талғат Орынбасар екі белдесу өткізіп, 1/8 финалда Словения өкіліне жол берсе, Абиба Әбужақынова бірінші айланымда сүрінді.
Фото: gettyimages.com
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған