Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарына дзюдодан Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Judoworld7 парақшасының мәліметінше, ұлттық құраманың бас бапкері Роберт Мшвидобадзе құрлық додасына қатысатын спортшылар тізімін айқындаған.
Азия ойындарына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстандық дзюдошы бір ай бұрын Қытайдың Циндао қаласында өткен Grand Prix турнирінде ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралып, бесінші орын алған болатын.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында мына құраммен бақ сынайды:
60 келі – Елдос Сметов;
66 келі – Гусман Кыргызбаев;
73 келі – Бақытжан Абдурахманов;
81 келі – Әділет Алмат;
90 келі – Айдар Арапов;
100 келі – Марат Байқамұров;
+100 келі – Ерасыл Қажыбаев.
Азия ойындары – құрлықтағы ең беделді кешенді жарыстардың бірі. Дзюдодан өтетін бәсекеде Азияның үздік балуандары жүлделерді сарапқа салады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған