Дзюдо: Қазақстан құрамасы Grand Prix турнирінің екінші күнін жүлдесіз аяқтады
Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Prix турнирінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алғашқы жарыс күнінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге оралуы мен Ғұсман Қырғызбаевтың күміс медалі жанкүйерлерді қуантқан еді. Алайда екінші күні қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы жүлдеге таласа алмады.
Қазақстан құрамасының бірде-бір өкілі ширек финалға да өте алған жоқ.
Ерлер
73 келі:
Ерсұлтан Дүйсехан – алғашқы белдесуінде жеңілді;
Бақытжан Абдурахманов – үшінші белдесуінде жарыс жолынан шықты.
81 келі:
Әділет Алмат – екінші белдесуінде жеңілді;
Абылайхан Жұбаназар – үшінші белдесуінде тоқтады.
Әйелдер
70 келі:
Ажар Асхат – алғашқы белдесуінде жеңілді;
Мөлдір Нарынова – алғашқы белдесуінде жарысты аяқтады.
Айта кетейік, жуырда ғана жарақатынан айыққан Бақытжан Абдурахманов өзбекстандық Шахрам Ахадовқа қарсы белдесуде лайықты қарсылық көрсетіп, сенсация жасауға бір қадам қалды. Алайда жеңіске жету үшін оған сәл ғана сәттілік жетіспеді.
Фото: ijf.org
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған