Циндао Гран-приі: Ғұсман Қырғызбаев финалда екі дүркін Олимпиада чемпионымен күреседі
Дзюдодан Қытайда басталған Циндао Гран-приінде Қазақстан ұлттық құрамасының балуаны Ғұсман Қырғызбаев финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері шешуші сында танымал дзюдошы, жапониялық Хифуми Абэмен шеберлік байқасады.
Айта кететін жайт, отандасымыздың қарсыласы Олимпиада ойындарында екі мәрте топ жарған.
Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол алғашқы айналымда Моңғолия балуанын жеңсе, одан кейін Монтонегро, Әзірбайжан спортшылары қапы қалдырды. Ал жартылай финалда Роналд Лимадан айласын асырды.
Бұдан бөлек, 60 келіде күрескен Елдос Сметов қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Ол Гран-при жүлдесін ресейлік Аюб Блиевпен сарапқа салады.
Сондай-ақ, Талғат Орынбасар екі белдесу өткізіп, 1/8 финалда Словения өкіліне жол берсе, Абиба Әбужақынова бірінші айланымда сүрінді.
Фото: ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған